Кеңесхан қажы мешітінің ұстазы Зейнеп Жәдігерқызының ұйымдастыруымн мешіт шәкірттері арасында "Ислам нұры" атты рухани кеш өткізілді. Әуезді әндер мен діни көріністер сахналанып, ұстаздар уағыз-насихат айтты. Орталық мешіттің ұстазы мен Байзақ ауданының ұстаздары ізгі-тілектерін білдіріп, шәкірттерге дұға жасады.
Зейнеп Жәдігерқызы шәкірттерге ислам дінінің рухани байлығын тереңірек түсініп, оның құндылықтарын өмірлерінде ұстануға шақырды. Ұстаздар жастарды адалдыққа, тәртіпке, жан тазалығына және әрдайым білім алуға, ізгілік пен мейірімділікке үндеді.
"Ислам нұры" рухани кешінің соңында, барлық қатысушылар бірге дұға оқып, Алладан еліміздің тыныштығы мен бейбітшілігі, жастардың ізгі жолдан таймауы үшін жарылқау сұрады. Бұл шара мешіттің қоғамдағы тәрбиелік рөлін тағы да бір айқындап, жастардың діни білім мен рухани тәрбие алуына зор ықпал етіп, оларды адал азаматтар болып қалыптасуға бағыттады. Мешіттің ұжымы алдағы уақытта да осындай рухани іс-шараларды жиі ұйымдастырып, жастардың ізгілік жолына түсуіне үлес қосуды жоспарлап отыр.