БАС ИМАМ «ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ ТӘРБИЕСІ» АТТЫ ФОРУМҒА ҚАТЫСТЫ

БАС ИМАМ «ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ ТӘРБИЕСІ» АТТЫ ФОРУМҒА ҚАТЫСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы прокуратурасының бастамасымен аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде «Ұрпақ тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» тақырыбындағы алқалы жиынға аудан бас имамы Қанат Әділханұлы қатысты.

Жиынды облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров ашып, облыс бойынша  кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың құқықтарын қорғау-мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екендігіне екпін салды. Облыс прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында облыста 93 мобильдік топ құрылып, ауқымды жұмыстар атқарылып жатқандығын жеткізді. Заң мен тәртіп, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам құру, өскелең ұрпақты білімді, бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеу ел алдындағы міндеттің бірі екендігін айта келе,  модератор Байзақ ауданында орын алған құқықбұзушылықтарға қысқаша тоқталды.

Әрмен қарай сөз алған Халықаралық турнирлердің және Әлем чемпионы, боксшы,  ауданымыздың тумасы Асланбек Шымбергенов  жасөспірімдердің дұрыс жолды таңдауына спорттың алатын орны үлкен екендігіне басымдық берді. «Қазақстан барысы» жүлдесінің үш дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев  жастарды дұрыс бағытта жетелеу, жұмыспен қамтылуын, өмірден орнын табуына бағдар беруге қатысты ұсынысымен бөлісті. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Қуанышбек Үштаев үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, ұстазды құрметтеу, елге, Отанға қызмет ету,  жас толқын бойына Отанға деген мақтаныш сезімін қалыптастыру туралы ойын ортаға салды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің штаб бастығы Саят Шубаев елін сүю, қорғау, туған жеріне, еліне адал қызмет ету төңірегінде пікірін білдірді. Кездесу барысында күн тәртібіндегі мәселеге қатысты  Н.Киікбаев мектеп-гимназияның директоры Гүлбахрам Ермекова, Гоголь орта мектебінің алғашқы әскери даярлық және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі, запастағы капитан Рашид Жұбанышев, ауданымыздың Құрметті азаматы, мәдениет қайраткері Алмахан Исабаев, ауданның бас имамы Қанат Жұмағұл, Абай атындағы орта мектептің директоры Жанатбек  Тұрғымбаев, аудандық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Мұхтар Қозбаев өздерінің ұсыныс-пікірлерін білдірді.

- Жастар - еліміздің болашағы. Сондықтан біз олардың қауіпсіз ортада өсіп,  саламатты өмір салтын ұстануына жағдай жасауға міндеттіміз. Өскелең ұрпақты қылмысқа жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу мақсатында елімізге танымал жеке тұлғалардың жетістіктері олардың алдағы өмірлеріне бағыт береді деп ойлаймын, - дей келе облыс прокуроры Нұрғалым Мәжитұлы прокуратураның араласуынан кейін  мектептерде құқық бұзушылықтардың орын алуы бойынша бағалау критерийі алынып тасталғандығын,  ендігі жерде құқықбұзушылықтарды жасырудың қажеті жоқтығын жеткізді. Ұрпақ тәрбиесі-баршаға ортақ іс болғандықтан, тәрбие ісіне қоғам болып жұмылу қажеттігін айтып, айтылған ұсыныс-пікірлер назарға алынатындығы, бірлесе атқарған істің  нәтижелі болатындығына сенім білдірді.

Алқалы жиынға аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов, аудандық мәслихаттың төрағасы Бақтияр Ақбаев, аудан прокуроры Ақберген Мүлкеманов, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігіне қарасты бөлім басшылары, ардагерлер, мектеп директорлары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психолог, әлеуметтік педагогтар, дене шынықтыру, алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдері мен сынып жетекшілері және имамдар қатысты.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: