БАЙЗАҚ АУДАНЫ: АУЫЛ ИМАМДАРЫНА СЕМИНАР ӨТТІ

БАЙЗАҚ АУДАНЫ: АУЫЛ ИМАМДАРЫНА СЕМИНАР ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Байзақ аудандық әкімдігінің мәжіліс залында аудан бойынша дін саласындағы мобильдік-түсіндіру топ мүшелерін оқыту семинары болып өтті.

Жиынға ауылдық округ әкімдері, мамандары, аудандық жергілікті  учаскелік полиция қызметкерлері, білім бөліміне қарасты мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, діни бірлестік өкілдері қатысты. Семинарды  аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов ашып,  жүргізіп отырды.

Семинарда Жамбыл облысы әкімдігі  “Дін  проблемаларын зерттеу орталығы” КММ-нің ақпараттық-түсіндіру бөлімінің басшысы Жанна Қалдыбекова “Деструктивті діни ағым өкілдерімен жұмыс жүргізудегі психологиялық әдіс-тәсілдер”, “Діни экстремизмге қарсы насихат” бөлімінің басшысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, дінтанушы Ерзат Жақыпов “БАҚ және интернет арқылы дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және діни экстремистік мазмұндағы контенттерге қарсы насихат жұмыстары туралы”, Оңалту бөлімінің басшысы Әбілқайыр Сабырұлы “Деструктивті діни ағымдардың негізгі ұстанымдарына контраргументтер туралы”, Тараз қаласы “Һибатулла Тарази” медресесі директорының орынбасары  Бақтияр Амиреев “Ислам дінінің негіздері. Исламның бүгінгі әлемдегі орны” тақырыптарында баяндама жасады.

Баяндамашылар деструктивті діни ағым өкілдерімен жұмыс жасаудың  әдіс-тәсілдері, ислам дінінің негіздері мен әлемдегі орнына, БАҚ және интернет көздері арқылы  дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, діни экстремистік мазмұндағы контенттерге қарсы насихат  жұмыстарына ұлы ойшылдардың еңбектерін қолдану,  деструктивті діни ағым өкілдерін оңалту барысында қолданылатын әдістерге жеке-жеке тоқталды.

Алқалы жиында  Жамбыл облысы әкімдігі аппаратының терроризмге қарсы қызметті үйлестіру және құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімінің басшысы Бақытжан Саданов ел бірлігі мен ынтымағын сақтау, діни сауаттылықты арттырудың маңызына екпін салды.Семинар барысында күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты  туындаған сауалдарға  жауаптар берілді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: