Сәду Шәкіров ауылы, "Байтоқты баба" мешітінің имамы Оспанов Бақдәулет Республика күніне орай Жамбыл облысында ұйымдастырылған мергендер фестивальінде қатысушылар арасынан жүлделі 3-орынды иемденді.
Оспанов Бақдәулет жарысқа қатысушылардың жоғары деңгейде дайындықпен келгенін, сондай-ақ, мұндай шаралар жастар арасында ұлттық мұраны дәріптеу мен дәстүрлерді сақтау тұрғысынан маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сонымен қатар, ол мергендік өнерінің қазақ халқының тарихында үлкен орын алғанын, оның ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт екенін еске салды. Сонымен қатар, жарысты ұйымдастырған Тараз қаласының әкімшілігіне ерекше алғысын білдірді.