Меркі ауданы, Т.Рысқұлов ауылы «Жарас ата» мешітнің имамы Коктал Мадиярдың ұйымдастыруымен мешітке келуші жамағатқа ыңғайлы болу үшін мешіт ауласы асфальтталып, көлік тұрақ аймағы жасалды.
Имамның айтуынша, болашақта мұндай жобалар басқа ауылдарда да іске асырылып, халықтың бірлігі мен ынтымағын нығайтуға ықпал етеді. Мешітке келушілердің саны күннен-күнге артып, асфальтталған аула мен көлік тұрақ аймағының жамағат үшін үлкен маңызы бар екені айқын.
Ауыл тұрғындары мен қонақтары, әсіресе ұзақ жолдан келгендер, енді көліктерін қауіпсіз және жайлы түрде тұраққа қоя алады. Бұл жұмыстарды атқарудағы негізгі мақсат – мешітке келушілердің ыңғайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту болды.