АЙМАҚ ЖЕТЕКШІСІ ӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АЙМАҚ ЖЕТЕКШІСІ ӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты II аймақ жетекшісі Қанат Тұмарбекұлы Бурыл ауылында орналасқан «Өнер» мектебінің ұжымымен кездесіп «Дәстүр салтымыз – әдеп ғұрпымыз» тақырыбында насихат айтты.  

Қанат Тұмарбекұлы насихатында: «Әдет-ғұрып (салт-дәстүр) – қандай да бір елдің немесе ұлттың арасында көпшіліктің қолдауына ие болып, қолданысқа енген, белгілі бір қимыл-әрекеттен тұратын және сол халықтың өмір сүру салтынан хабардар ететін әдеттер жиынтығы.

Әдет-ғұрып – Құран, сүннет және сахабалардың пәтуәларында кездеспейтін қандай да бір қалыптасқан жағдайдан шығудың жолы табылмаған кезде ғұрып дәлелге саналады. Өз кезегінде ғұрып – «дұрыс» және  «бұрыс» болып, екіге бөлінеді.  Дұрыс ғұрыпқа – шариғатқа қайшы келмейтіндер, ал бұрыс ғұрыпқа – діни негіздерге томпақ келетін ғұрыптар жатады. Сондықтан, әдет-ғұрып Құран, сүннет, ижма және сахабалардың амалдарына теріс келмеуі шарт. Әбу Ханифа үкім берерде адамдардың салт-дәстүрі шариғатқа қайшы келмесе оны дәлел ретінде санаған»,-деді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: