Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің әйел-қыздар секторының менгерушісі Жанат Әмірханқызының ұйымдастыруымен «Құран – мәңгі мұғжиза» атты рухани жарыс өтті.
Құран жарысында шәкірттерге әділ төрелік ету үшін арнайы облыстан Үсенова Зейнеп, Қолағұлова Жібек бағаларын берді.
Шара аясында Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы: «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Сендердің ең жақсыларың Құранды үйреніп, басқаларға үйреткендерің» және «Кімде-кім Аллаһтың кітабынан бір әріп оқыса, оған жақсылық жазылып, ол жақсылық он есе көбейеді»,-деді.
Жарыс қортындысы бойынша:
- 1. Асан Раян (Ұмра қажылығына жолдама);
- 2. Сағынтай Айза
- 3. Досмұхамбетқызы Басбибі
Қалған екі орынға қаражаттай сый-сыяпат жасалды.