«Кеңесхан қажы» мешітінің ұстазы Зейнеп Үсенова шәкірттерге мәйітті жуындыру, кебіндеу рәсімдері туралы түсіндіріп, дәріс өткізді.
Мәйітті жуындыру кезінде сақтық шараларын ескеру, ерді ер азамат, әйелді әйел кісінің, мүмкін болса ет-жақындарының жуындыруы, мәйітті кебіндеу, жерлеу рәсімдерінің реттілігі, жаназа туралы егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Сонымен қатар, діни жоралғылардың дәстүрмен сабақтастығы туралы да қамтылды. Танымдық дәріске де қатысушылар тақырып аясында қосымша сауалдар қойып, өздеріне қажетті мағлұмат алды.