«Кеңесхан қажы» мешітінің ұстазы Зейнеп Үсенова ұстаздың ұйымдастырумен қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеде мешіттің әйел жамағаты дайындаған үй тағамдары сатылымға қойылды.
«Бұл шара тек қана қаржылық қолдауды қамтамасыз ету мақсатында ғана емес, сонымен қатар қоғамды біріктіру, адамдарды қайырымдылық жасауға шақыру және мұқтаж жандарға көмектесу үшін өткізіледі. Жиналған қаражатты мешіт қорына аударылып жағдайы төмен отбасыларға, балалар үйіне және басқа да әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету үшін қолданылады», – дейді Зейнеп Үсенова.