Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлының ұйымдастыруымен «Ислам және дәстүр құндылықтары» жыл аясында «Ұлы дала имамдары» атты футболдан ашық турнир өтті.
Шараға облысқа қарасты барлық ауданға қарасты мешіттердің имамдарынан команда жасақталып жеребе тартылды.
Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы қатысушы командаларға сәттілік тілеп: «Ислам діні ұлтымыздың басты рухани негізі, ата-бабаларымыздың ұстанған, қастер тұтқан жолы. Әлмисақтан мұсылман болған халқымыз әркез діні мен дәстүрін қадірлеп, ғасырдан ғасырға осы екі қасиетті ұғымды ұштастыра білу арқылы Құдайға деген құлшылығын жасап, дархан мінезінен таймай, ұрпағын ізгілікке тәрбиелеп келген. Өмірлік тұрмысымызға айналған дәстүрлеріміздің көбі асыл дінімізден бастау алған. Осылайша асыл дініміз қазақ халқының рухани дүниесін қанағаттандырып қана қоймай, халқымыздың танымы, мәдениетімен біте қайнасып кеткен»,-деді.
Жарыс қортындысы бойынша:
- 1. Талас ауданы (50 000 тг)
- 2. Меркі ауданы (40 000 тг)
- 3. Тараз қаласы (30 000 тг)
Қалған қатысушы командалар арасында «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік жартылай қорғаушы», «Көрермен көзайымы» номинациялары бойынша ынталандыру сыйлықтары берілді.