БАС ИМАМ АУЫЛ ХАЛҚЫНА ІЗГІЛІКТІ НАСИХАТТАДЫ

БАС ИМАМ АУЫЛ ХАЛҚЫНА ІЗГІЛІКТІ НАСИХАТТАДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы Аймантөбе ауылдық мәдениет үйінде халықпен кездесіп, «Ізгілік адамды бақытқа жеткізеді» тақырыбында насихат айтты.

Қанат Әділханұлы насихатында: «Қазақта имандылық – адамгершілік пен ізгілік қасиеттерді білдіреді. Имандылықтың мұндай мағынаны білдіруі қазақтың мұсылман болуынан туындаған. Имандылық сөзі иманнан шыққан. Иман – жүректегі нұр, имандылық соның сыртқы пішіні. Имандылық – Алла Тағалаға иман еткен адамнан туған көркем мінез. Имандылық көркем мінезі әрбір мұсылманның бойынан табыла бермейді. Атам қазақтың адамгершілік ұғымын имандылық сөзімен беруінде ерекше мән бар. Өйткені, адамгершілік пен имандылық арасында үлкен айырмашылық бар. Адамгершілік – барлық адамның бойында бола алатын адамның адамдық болмысынан  туған қасиет. Адамгершіліктің жеті қасиеті бар. Ақылдылық – адамгершіліктің алғашқы сатысы, сәлемдесу – адамгершіліктің бастамасы. Сыйласу – адамгершіліктің ары мен нұры, құрметтеу – адамгершіліктің қолдаушысы, кішіпейілділік – ізеттілік, мейірімділік – адамгершіліктің сенімді достары», - деді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: