Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Мәдімар ауылы «Мәдімар» мешітінің асханасында «Дін және дәстүр» тақырыбында насихат айтты.
Бақытбек Бауыржанұлы насихатында: «Қоғамның да, діни басқарманың да осы мәселеге көңіл бұрып жатқаны, дін мен дәстүрдің сабақтастығын жаңғырту, қалпына келтіру бойынша қыруар жұмыс атқарылып жатқаны – құптарлық жайт. Бір тәуірі, бұл бағытта көптеген туындылар жарық көріп, басқа да шаралар жүргізіліп жатыр. Ұлттық құндылықтардың, рухани-мәдени өміріміздің қалыптасу барысында дін мен қазақы салт-дәстүрдің өзара сабақтастығы маңызды рөл атқарады. Халқымыз – дәстүрді ерекше қадірлеген, қастерлеген, сақтай білген. Дәстүрдің түрі көп. Соның ішінде, «Сөздің көркі – мақал» дегендей, дін мен әдет-ғұрыптардың сабақтастығы халық ауыз әдебиеті – мақал-мәтелдерде де жақсы көрініс тапқан», - деді.