Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы Аймантөбе ауылдық «Аймантөбе» мешітінде жамағатқа «Отанды сүю иманнан» тақырыбында жұма насихатын айтты.
Насихат барысында наиб имам: «Дініміз ислам мұсылмандарға туған жерінің қадір-қасиетін біліп, бағалап, қастерлеуге шақырады. Алла Тағала қасиетті Құрандағы «Нахл» сүресінің 112-аятында: «Алла (ғибрат аларсыңдар деп) мынадай ауылды мысалға келтірді: Ол ауыл бейбіт, мамыражай еді. Ризық-несібесі жан-жақтан ағыл-тегіл келіп жататын. Алайда, ол ауылдың халқы Алланың осынау нығметтерінің қадірін біле алмады. Сөйтіп Алла оларға қылықтарының салдарынан ашаршылық пен қауіп-қатердің шекпенін кигізіп, ащы дәмін таттырды», – деп мысал берген.
Халық нақылында: «Ұлтарақтай болса да, ата қонысы – жер қымбат. Ат төбеліндей болса да, туып өскен ел қымбат», «Бақыр қазан қайнаса бәріміздің бағымыз, туған жердің әр тасы біздің алтын тағымыз», «Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді», – деген даналық сөздер өте көп», - деді.