АЙМАНТӨБЕЛІКТЕР МӘУЛІТТЕ БАС ҚОСТЫ

АЙМАНТӨБЕЛІКТЕР МӘУЛІТТЕ БАС ҚОСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы Аймантөбе ауылдық «Аймантөбе» мешітінің имамы Кенжехан Өксіпбайұлының ұйымдастыруымен «Сағындым сені, иә расулаллаһ» атты рухани мәуліт кешіне қатысып, жиналған көпшілікке «Пайғамбар мінезі» тақырыбында насихат айтты.

Бас имам насихатында: «Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адамзат үшін ең көркем мінезді жан еді. Ол жайында Құранда Алла Тағала былай дейді: «Сендер үшін Алланың елшісінде көркем өнегелер бар» (Ахзап сүресі, 21-аят). Тағы бір аятта: «Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің» (Қалам сүресі, 4-аят). Құранда оның мінезі жайында осылай деген болса, бірде Айша анамыздан біреулер Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мінез-құлқы жайлы сұрағанда: «Сендер Құран оқымайсыңдар ма? Оның мінез-құлқы – Құран ғой», - деп жауап берген болатын. Олай болса, Құранда адамзат үшін қандай жақсы мінез құлық пен қасиет айтылған болса, соның барлығы Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бойынан табылатын», - деді.

Рухани шара аясында дін мен дәстүрді насихаттайтын термелерді аудан өнерпаздары Серікбай Әмірхан мен Жиенбаев Жоламан айтты. «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы дәстүрге сай мәуліт жырын оқып, жиналған көпшіліктің ықласына бөленді.

Рухани кеш сонында мәуліттен сый ҚМДБ-ның төл басылымы «Мұнара» газеті мен «Иман» журналы ауыл тұрғындарына таратылып берілді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: