Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы V аймақ имамдарына семинар өткізді.
Семинар барысында бас имам аймаққа қарасты ауыл имам-молдаларына: «Халқымыз ертеден салт-дәстүрге бай болған ел. Мәдениеті мен тәрбиесі өзгелерге үлгі боларлық жайттар көп. Салт-дәстүрі мықты ел – тұғыры берік ел. Дана халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға өнегені әдет-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен сабақтастырып ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Тәлім мен тәрбие, салт пен сананы сақтай отырып, адамгершілік тәрбиені жол етіп ұстанған. Осы бір үлгілі жолды отбасында ата-ана, мектепте ұстаз, көпшілік ортада ақсақалдар жастарға үйретіп, айтып отырса, ұтарымыз көп болар еді. Сондай игі дәстүрлердің бірқатарына тоқталып өтсек артық болмас. Қазақтың салт-дәстүрлерінің қатарында дастарханға қатысты ас қайыру, көңіл шәй, дәм таттыру секілді жайттар берік қалыптасқан»,-деді.