250.000 МЫҢ САЛАУАТ АЙТЫЛДЫ

250.000 МЫҢ САЛАУАТ АЙТЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы, Кеңесхан қажы мешітінің ұстазы Зейнеп Үсенованың ұйымдастыруымен әйел жамағаты мен мешіт шәкірттері арасында Мәуліт кеші аталып өтті. Кеш барысында 250.000 салауат айтылып, Құран хатым жасалып, ақ жаулықты әжелер батасын берді. 

«Кештің басты мақсаты – жамағат арасында бірлік, ынтымақтастықты нығайту және діни білімді арттыру болды. Жиынға қатысушылардың жүздерінен қуаныш пен берекені байқауға болады. Мұндай шаралардың жалғасын табуы мен дәстүрге айналуы – елдегі діни бірліктің, рухани жаңғырудың жарқын көрсеткіші», – дейді мешіт ұстазы.

Мәуліт кеші барысында әйел жамағаты мен шәкірттер арасында рухани сұхбат жүргізілді. Мешіт ұстазы Зейнеп Үсенова қатысушыларға салауат айтудың маңыздылығын түсіндіріп, Исламның құндылықтары мен Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өміріне тоқталды.

Кеш соңында, әжелер ақ баталарын беріп, жастарға адалдық жолында болуды, ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуді насихаттады. Сонымен қатар, мешіт шәкірттері арасында дінге қатысты сұрақтарға жауап беріліп, жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етілді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: