Талас ауданы, Қаратау қаласындағы орталық мешітте ҚМДБ-ның «Дін және Дәстүр» бағытының Жамбыл облысы бойынша өкілі Ғ.Қуанышбекұлы «Дін мен дәстүр» тақырыбында «Қаратау технология, білім және бизнес» колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.
«Кездесудің мақсаты — дін мен дәстүрдің қоғамдағы рөлі, сондай-ақ ұлттық құндылықтардың қалыптасуындағы маңызын түсіндіру. Дін адамдық қасиеттерімізді дамытуға ықпал етсе, салт-дәстүр ұлттық бірлігіміздің негізі. Дін бар жерде дәстүр де бар», – деген Ғ.Қуанышбекұлы Ислам діні әр халықтың өзіндік құндылықтарына ерекше мән беретіндігін түсіндіріп, жастардың сұрақтарына жауап берді.