Тараз қаласының бас имамы Аманбаев Ержан мешіт ауласында орналасқан діни заттар сататын дүкенді зерделеп, ҚМДБ рұқсат еткен кітаптарды саралады. Имам дүкеннің ассортиментімен танысып, діни әдебиеттің сапасы мен мазмұнына назар аударды.
Кездесуде діни әдебиеттің маңызы, жастар мен қоғам мүшелеріне рухани тәрбие беруіндегі рөлі талқыланды. Аманбаев Ержан дүкенде ұсынылған кітаптардың діннің дұрыс түсінілуіне және халықтың діни сауатын арттыруға ықпал ететіндей болуы қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар, имам дүкен иесіне ҚМДБ-ның ұстанымдары мен талаптарын түсіндіріп, рұқсат етілген әдебиеттер тізімін ұсынды. Имамның пікірінше, діни заттар мен әдебиеттердің дұрыс таңдалуы қоғамда теріс түсініктер мен ағымдардың алдын алуға көмектеседі.
Дүкен иесі мен қызметкерлері ұсынылған кеңестерді құптап, діни заттар мен әдебиетті сату барысында кәсіби және жауапкершілікті көзқараспен қарауға уәде берді.
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.