АЙМАҚ ЖЕТЕКШІСІ СЕМИНАР ӨТКІЗІДІ

АЙМАҚ ЖЕТЕКШІСІ СЕМИНАР ӨТКІЗІДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Көкбастау ауылы «Қалмұрат баба» мешітінде аймақ жетекшісі Акбар Тоқтасынұлы «Ихсан - рухани тәрбие негізі» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар барысында Акбар Тоқтасынұлы: « Ихсан – пенденің иманын бекемдеп, құлшылыққа деген құлшынысын арттыратын, адамгершілікке тән игі қа­сиет­терді кемелдендіре түсетін рухани ілім. Құдіреті күшті Хақ Тағала Құран Кәрімде ерекше мән берген құндылықтың біре­гейі де осы – ихсан ілімі. Қасиетті Құранда: «Негізінде Алла әділдікті, игілікті (ихсанды) және ағайынға қарайласуды бұйырады. Сондай-ақ, арсыздықтан, жаман­дықтан және зорлық-зомбылықтан тыяды. Түсінерсіңдер деп сендерге (осылайша) насихат береді» («Нахл» сүресі, 90-аят) деп баяндалған.

Сөздікте «жақсылық», «игілік» дегенге саятын «ихсан» сөзінің ша­риғаттағы терминдік мағынасы бір нәрсені қолға алғанда оны «ең әдемі, ең кемел түрде жасау» де­генді білдіреді. Жаратқан Алла құлдарына Құранда «ихсан» сөзінің мағынасын баяндаған. Аятта Алланың игілігі баяндалса, оның ең әуелі құл­дарына деген шексіз мейі­рім­ділігі, асқан рақымдылығы, мол нығ­меттерге бөлейтіні айтылады. Қа­­­­­сиетті аятта: «Алланың саған берген дәулетімен ақырет жұртын ізде және дүниедегі несібеңді де ұмытпа. Алла саған жақсылық ет­­­кендей сен де жақсылық істе, сондай-ақ жер жүзінде бүлік жа­сама! Алла бұзақыларды сүймейді» («Қасас» сүресі, 77-аят) делінген. Жаратушы иеміз күллі жара­тылысты ешқандай ақаусыз, кем­шіліксіз жаратты. Барша жа­ра­тылыс иесі ең әдемі, ең көр­кем бейнеде жаратылған. Осыдан-ақ адам баласы ғибрат алып, түсінуі қажет. Егер адам баласы «ихсан» ілімінің шынайы болмысын түсін­се, рухани құндылығы артып, иман байлығына күмәнсіз жетер еді. Алла Тағала келесі аятта: «Ол Алла көктер мен жерді ақиқат бойынша жаратты. Ол сендерді бейнелегенде көркем бейнеледі. Әрі қайтар жерлерің Оған қарай» («Тағабун» сүресі, 3-аят) деген. Ихсан ілімі әуелі пенденің Ал­ла­­ға деген итағатынан (бойсұну) басталады. Адам баласының Алла­ға деген ихсаны мынадай: алдымен иман келтіру, бұйырған амалдарын орындау, барлық тыйым салған нәрселерден аулақ болу, ізгі амал­дарды арттыру. Алла Тағала: «Сон­дай-ақ иман келтіріп, салиқа­лы іс істегендердің сауапты жақсы амал­дары­ның еңбегін жоймаймыз» («Кәһф» сүресі, 30-аят) деп уәде еткен», - деді. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: