ЖАС СПОРТШЫЛАРҒА ДІН МЕН ДӘСТҮР НАСИХАТТАЛДЫ

ЖАС СПОРТШЫЛАРҒА ДІН МЕН ДӘСТҮР НАСИХАТТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Үшбүлақ ауылы «Үшбұлақ» мешітінің имамы Түлегенов Нұрлыбек жас спортшыларға дін мен дәстүрді насихаттады.

Түлегенов Нұрлыбек жас спортшыларға: « Халқымыз ертеден салт-дәстүрге бай ел. Ұлттық мәдениетіміз бен рухи тәрбиемізде өзгелерге үлгі боларлық жайттар көп.  Салт-дәстүрі мықты ел – тұғыры берік ел. Дана халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға өнегені  әдет-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен сабақтастырып ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Тәлім мен тәрбие, салт пен сананы сақтай отырып, адамгершілік тәрбиені бағдар етіп ұстанған. Осы бір үлгілі жолды отбасында ата-ана, мектепте ұстаз, көпшілік ортада ақсақалдар жастарға үйретіп, айтып отырса, ұтарымыз көп болар еді. Сондай игі дәстүрлердің бірқатарына тоқталып өтсек, артық болмас. Қазақтың салт-дәстүрлерінің қатарында дастарханға қатысты ас қайыру, дәм таттырукөңіл шай секілді жайттар берік қалыптасқан», - деді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: