Жамбыл облысы Байзақ ауданы Көкбастау ауылы «Қалмұрат баба» мешітінің имамы Төребай Мамбетназарұлы Бәйтерек ауылдық округінің әкімдік мәжіліс залында жастарымен кездесіп, «Ата-баба салты қазынамыз» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесу барысында Төребай Мамбетназарұлы: «Ежелгі заманнан бері әрбір көшпенді аталары мен арғы аталарының есімдерін 7-ұрпаққа дейін есте сақтауға тиіс болған. Бұл дәстүр әлі күнге дейін сақталып келеді және оны жеті ата деп атайды. Асыл дініміз ислам шариғатында да негізге алынатын ғурф яғни әдет-ғұрып және салт-дәстүр. Салт-дәстүрдің озығы мен тозығы бар дегендей шариғатқа қайшы келмеген дәстүрді негізге алуда ешқандай мәселе жоқ. Еліміздегі дін-руханияттың қара шаңырағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрылғаннан бері халқымыздың дінімен сабақтасқан дәстүріне ерекше мән беріліп, биылғы жылды «Ислам және дәстүр құндылықтары» жылы деп жариялап, ұлттық құндылықтарды дәріптеуі бекер емес. Бұл дегеніміз, өскелең ұрпақтың ата-баба жолымен жүріп, шариғат талаптарын қатаң сақтай отырып, осы уақытта өршіп тұрған неше түрлі жат ағымдардың алдын алу жолында жасалған маңызды қадам. Дініміз бен салт-дәстүріміз қазақы ұлттығымызды сақтау жолындағы таптырмас жол», - деді.