Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы «Ар-Рахман» мешітінің имамы Досмұхаммед Гуламхазраттың ұйымдастыруымен «Сағындым сені, уа Расулаллаһ» атты рухани мәуліт кеші өтті.
Рухани кештің қонағы Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы мешітке жиналған жамағатты мәуліт мерекесімен құттықтап:
«Көпшілік мақұлдаған пікірге сәйкес, дәл осы айда Раббымыздың соңғы Пайғамбары әрі Елшісі, пайғамбарлардың мөрі, әлемдерге жіберілген рақым нұры Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дүниеге келді. Оның келуімен ешқандай дәнекерсіз және белгілі бір беделге ие діндар адамдарсыз тікелей Жаратушыға сену дәстүрі жаңғырып, жаңа ғұмырға ие болды», - деді.
Рухани кеш барысында Мәуліт жырын Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы, Қордай ауданының бас имамы Әлмұхаммед қари, Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы және «Ар-Рахман» мешітінің наиб имамы Бабаназар оқып, елдің амандығы үшін дұға жасалды.