Тұрар Рысқұлов ауданы Әбжапар ауылдық «Әбдіжаппар» мешітінің имамы Ғалымжан Кикбаевтың ұйымдастыруымен 7 мұқтаж отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді. Қайырымдылық күнделікті тұтынатын азық-түлікпен берілді.
Халқымыз:«Ер қолында мал тұрмайды, Елек ішінде су тұрмайды», – деп жомарт жігітті нағыз ер деп бағалаған. Осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының игі шараларына үлес қосып жүрген жомарт жандарға айрықша алғысымды жеткіземін. Алла разы болсын!
Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің қасиетті хадис-шарифінде мұсылман үмбетіне:
«Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар», – деген өсиет қалдырған