Тұрар Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылдық «Бәйдібек баба» мешітінің имамы Қайсар Сұлтанов ауылдық мәдениет үйінде «дін мен дәстүр бірлігі» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысты.
Іс-шараға ауыл имамымен бірге кітапхана оқырмандары да қатысып, дін мен дәстүрге байланысты пікірлерін ортаға салды. Дінге қатысты туындаған сұрақтарын Қайсар имамға қойып, тұщымды жауаптарын алды. Қатысушылар іс-шараның соңында дін мен дәстүрдің бір-біріне тығыз байланысты егіз ұғым екеніне көздері жетті.



16 Қараша 2026
5 Джумада-сани 1448

