15 қазан – халықаралық ақ таяқ күніне орай аудандық орталық кітапханада «Жарық жол» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті.
«Ақ таяқ» ұғымы халықаралық қауымдастықта көру қабілеті нашар адамдардың белгісі ретінде қабылданған. Сондықтан бұл күн арнайы мереке ретінде аталып өтіп, зағип жандарға ерекше көңіл бөлінеді.
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының типографі Ербол Бегимов және Меркілік Амангелді Сәрсенбаев мерекенің мән – мағынасын түсіндіріп, ақ таяқ ұғымына кеңінен тоқталды.
Игі шара барысында аудан бас имамы Азамат Берікұлы мерекелі құттықтауын жеткізіп, мешіт ұжымы атынан арнайы сыйлықтарын тарту етті
Мереклі кешке қатысқан барша жандар осы іс-шараны ұйымдастырған жандарға алғыстарын білдіріп, рақметтерін айтты.
Көру қабілеті нашар болса да, адам баласының мүмкіндігі шектеусіз екенін дәлелдеп, көрсетіп жүрген жандарға Алла жар болсын!