Жамбыл ауданы, Түрксіб ауылындағы «Түрксіб» мешітінің молдасы Болат Айдарбеков «Мектепке жол» акциясы аясында бүлдіршіндердің көңілін көтеру мақсатында хадистегі «Сыйлық араны жақындастырады» деген қағиданы ескере отырып, 10 балаға 100 мың теңге көлеміндегі сөмкелер мен оқу құралдарын сыйлады.
Балалардың ата-аналары алғыстарын білдіріп, барлығымыз біртұтас екенімізді, мұсылмандардың бауырмал болуы керектігін атап өтті.