Жамбыл ауданы, Түрксіб ауылының «Түрксіб» мешітінің молдасы Қыдырбай Тажибаев жастар мен бүлдіршіндерге Алла Тағаланың бұйрықтарын, сондай-ақ, бабаларымыздың 40 парыздың ішінде атап өткен ұлық намаз құлшылығын түсіндірді. Молда, намаздың қалай дұрыс оқылатындығын оқу арқылы көрсетіп, балаларды діннің мән-мағынасына баулуға шақырды.
Сондай-ақ, ол жастарды түрлі дін бұзарлар мен дінді бұрмалаушылардан аулақ болуға үндеді. Сабаққа ауылдың кішкентай ұл мен қыздары белсене қатысып, кіші жасынан бастап жақсылыққа баулу — бабаларымыздың жолы екенін сезінді.
Бұл шара жастардың дінге деген қызығушылығын арттырып, олардың рухани дамуына септігін тигізді.