Жамбыл облысы аудандарындағы мәдениет күндеріне орай Байзақ ауданы Сарыкемер ауылының К.Орынқұлов көшесінде орналасқан «Отбасы аллеясы» думанға толды.
Мұнда аудан аумағындағы бірлігі мен ынтымағы жарасқан ұлттық этномәдени орталықтар өнерпаздары шара қатысушылары мен қонақтарға өздерінің концерттік бағдарламасы мен сахналық қойылымдарын ұсынды. Сонымен қатар, өзге ұлт өкілдерінің қолөнер бұйымдарынан жасалған көрме де көпшілік назарына қойылды.
Байзақ ауданының бас имамы Жұмағұл Қанат Әділханұлы шара аясында халықпен бірге көрмені аралады. Жаңа Қазақстанда жаңаша ойлау, қоғам мен халыққа тың идеялар ұсыну – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыздың тұрақтылықпен дамуына негіз бола алады. Оның ішінде біздің халқымыздың өз мәдениеті, өз дәстүрі мен салты бар. Сан ғасырлар бойы ата-бабамыз дәстүрлі Исламмен әдет-ғұрыптарымызды осы күнге дейін сабақтастырып, мәдениетіміз бен құндылықтарымызды жалғастырып келеді