Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты I аймақ мешіттерінің имамдары Қостөбе ауылдық «Қостөбе» мешітінің жамағатымен бірлесіп, Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған айда салауат айтты.
Рухани шарада мешіт жамағатына аймақ жетекшісі Рахымбек Кенжебайұлы: «Алла Тағала Құранның «Ахзаб» сүресінің 56-аятында: «Шын мәнінде, Алла және Оның періштелері Пайғамбарға салауат айтады (Алладан – рақым, періштелерден – жарылқау, дұға). Уа, иман келтіргендер! Сендер де оған (Пайғамбарға) салауат пен саламаттылық тілеңдер»! – деген. Алла Тағала Өзінің ұлықтығымен, сансыз періштелердің Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтуының және иман келтірген мүминдерге де салауат айтуға бұйырудың сыры неде?», - деп «Салауат айтудың маныздылығы» тақырыбында насихат айтты.
Шара аясында Ораз Баймаханов пен Махамаддинұлы Бабаназар дәстүрге сай мәуліт жырын оқып, мешіт жамағаты дастархан басында бас қосты.



29 Қаңтар 2026
10 Шаабан 1447

