Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты мешіт имамдарымен бірлесіп, жамағат мешіт ауласына және ішіне тазалық жұмыстарын жүргізіп «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқанына үлестерін қосты.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқанына жер-жердегі дін қызметкерлері де үлес қосуда. Асыл дінімізде айналаны абаттандыру, тазалау, көгалдандыру жұмыстарына үлес қосу сауапты істердің бірі саналады. Бұл – жас ұрпақты ізгілік пен еңбекқорлыққа баулитын бастама. Сондықтан мұндай өнегелі істерді жан-жақты дәріптеуге көңіл бөліп келеді.