Жамбыл облысы Байзақ ауданы Базарбай ауылдық «Базарбай» мешітінің имамы Ербол Қасқырұлы Қостөбе ауылдық «Қостөбе» мешітінің жамағатымен кездесіп, «Рухани жеті қазық – ізгіліктің бастауы» тақырыбында насихат айтты.
Ербол Қасқырұлы насихатында: ««Иманым – жиғаным» деп, бақытын Исламнан іздеген бабаларымыз сан ғасырдан бері салт пен сүннетті үйлестіріп, өнегелі өмір сабақтастығын қалыптастырды. Аллаға шүкір, ізгілердің ізін басқан бүгінгі ұрпақ ата салтын сақтап, дәстүрлі діннің құндылықтарын өмірінің темірқазығы етті. Имандылық бастауы болған ұят, ар, намыс, обал, сауап, ізет сынды ұғымдар халқымыздың өмір салтында әдемі әдетке айналды», - деді.