Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты III аймақ жетекшісі Акбар Тоқтасынұлы Қостөбе ауылдық «Қостөбе» мешітінің жамағатына «Дін және дәстүр құндылықтары» тақырыбында насихат айтты.
Акбар Тоқтосынұлы сөзінде: «Қазақ халқының тарихы мұсылмандық ұстанымнан ажырамай келе жатқандығы күмән тудырмайтын ақиқат. Сондықтан халқымыздың болмысына сіңіп, өмірінен ойып орын алған рухани дүние танымы мен салт-дәстүрін исламнан бөліп қараудың өзі үлкен қателік. Себебі, наным-сенім мен салт-дәстүр – кез келген халықтың күнделікті тыныс-тіршілігі әрі елдігін айғақтайтын іс-жүзіндегі мәдениеті мен өркениетінің көрінісі. Осы егіз ұғым бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын рухани құндылық болып табылады», - деді.