Әбдірашит ата мешітінің имамы Ахат Қайыпбергенұлы мешіт жамағатына дін мен дәстүр кітабын насихаттап, аталмыш кітаптың мазмұнымен таныстырып шықты.
Өз кезегінде, Ахат Қайыпбергенұлы дінді ұстанып, салт-дәстүрін ұмыту яки дәстүрін ғана ұстанып, дінін тәрк ету қателік екендігін, асыл дініміз бен қазақы салт-дәстүрімізді жаңғырту арқылы ғана елдігіміз сақталатындығын тілге тиек етті. Жиын соңында мешіт ақсақалы Абдысадық атамыз бата беріп, ақ тілегін жаудырды.