Бүгін Ауданымыздың бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлының бастамасымен аудандық жиналыс өтті. Аталмыш жиналысқа ауданымыздың барлық имамдары қатысты.
Жалғасбай Дүйсенбайұлы әуелі сөз алып, алыстан ат терлетіп келген ауыл имамдарына алғысын білдіріп, рақметін айтты. Келесі сөз кезегі “діни ағымдардардан сақтандыру” бағыты бойынша жауапты маман Ахат Қайыпбергенұлына берілді. Ахат Қайыпбергенұлы ауданымыздағы діни ағымдармен жұмыс істеудің бірізділігі, тәртібі, жастарымызды діни сауаттандырудың маңыздылығына тоқталды. Қазіргі салафи-уахабилік ағымы, таблиғи жамағаты ағымы, елімізде енді бой көтеріп келе жатқан қауіпті идеология ретінде тәңіршілдік түсінігі туралы кең көлемде баяндама жасалды. Аталмыш жиын соңында Ақкөл имамы ақ батасын беріп, жиынымыздың берекелі болуын тілеп, дұға етті.