ДІН САЛАСЫНДАҒЫ САРАПШЫЛАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

ДІН САЛАСЫНДАҒЫ САРАПШЫЛАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласында рухани келісім күніне арналған діни бірлестік өкілдері мен дін саласындағы сарапшылардың кездесуі өтті.

Жиында Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы, Өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасының орынбасары Бауыржан Жалелович, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің директоры Талгат Жәрдемқұлұлы,«Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы қоғамдық қоры басшысының орынбасары Алим Фазылжанович баяндама оқыды.

«Қазақстан – бірқатар маңызды халықаралық бітімгерлік бастамалардың, әсіресе діндер мен өркениеттер диалогын ұйымдастыру саласындағы ұсыныстардың авторы. Аталмыш басқосудың басты міндеті – діндер диалогы мен рухани даму саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, діни қауымдастықтар арасындағы өзара құрметті нығайту, сондай-ақ бейбітшілік пен зорлық-зомбылықсыз мәдениетті нығайту бойынша ұсыныстар әзірлеу. Ғалымдар мен теологтармен бірлесе жұмыс істеу ағымдағы қызметті жаңа уақыттың сын-қатерлері мен экстремизмге қарсы іс-қимылға бейімдеуге мүмкіндік береді. Осындай жиындардың арқасында бүгінгі таңда әртүрлі діни қауымдастықтар арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа көкжиектерін ашуға объективті алғышарттар жасалды, сондай-ақ біздің ел аумағында конфессияаралық диалог пен келісімнің жаңа моделі қалыптасты», – деп атап өтті Бейбіт Әліпбекұлы.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: