Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапхана әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Бейбітшілік пен келісім ел дамуының негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Жиынға Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы мен «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің ұстазы Зулпыкаров Нұрсұлтан, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар және қоғам қайраткерлері қатысып, бейбітшілік пен келісімді сақтау жолындағы маңызды мәселелерді талқылады.
Бейбіт Әліпбекұлы еліміздің дамуының негізі ретінде әлеуметтік келісім мен саяси тұрақтылықтың маңыздылығын атап өтіп: «Қазақстан көп ұлтты қоғамда әр түрлі мәдениеттер мен дәстүрлердің, діндердің бір-бірімен үйлесімді өмір сүруінің айқын үлгісін көрсетуде. Соның ішінде, ата-бабамыз ұстанған Ислам діні адамгершілік пен этикалық нормаларды жоғары бағалайды», – деп дінінің негіздері, моральдық құндылықтары, мәдениеті мен этикалық нормалары туралы тереңірек ақпарат берді. Семинар барысында қатысушылардың сұрақтары мен пікірлері тыңдалып, дін мен қоғамның өзара байланысы, діннің білім алу, еңбек ету және отанға қызмет ету жолындағы рөлі талқыланды.
Сонымен қатар, жиын соңында, осындай іс-шараларды тұрақты түрде өткізудің маңыздылығын атап өтіп, облыстық кітапхана ұжымына арнайы алғыс табыстады.