Бүгін ҚМДБ Дін мен Дәстүр бағытының Жамбыл облысы бойынша өкілі Ғарифулла Қуанышбекұлы Аудандық Қаратау Қажы би мешітіне арнайы келіп, бесін намазына жиналған мешіт жамағатына "дін мен дәстүр" ұғымы бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын дүниелер екендігін, асыл дініміз ұлтымыздың салт-дәстүрімен біте қайнасқанын тілге тиек етіп, кең көлемде көпшілікке уағыз-насихатын айтып өтті. Жиын соңында жамағат Ғарифулла Қуанышбекұлына сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.