Сарысу ауданы, Жайлау ауылында жаңа мешіттің ашылу салтанаты өтті. Игі шараға қатысқан Сарысу ауданының бас имамы Айбек Амангелдіұлы, ауылдың құрметті азаматтары мен ардагерлері, ауыл тұрғындары қатысты.
Айбек Амангелдіұлы ҚМДБ Төрағасы, Басмүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы құттықтау хатын оқып, халыққа таныстырды.
Құлшылық ордасының ашылу рәсімінде бас имам Айбек Амангелдіұлы арнайы сөз алып: «Аллаға шүкір, ауданымызда мешіттердің қатары көбейіп келеді. Осы мешіттің бой көтеруіне атсалысқан, ұйытқы болған арда азаматтарға Алла разы болсын! Кәсіптеріне береке, отбасыларына амандық тілеймін», – деп мешіттің құрылысына атсалысқан жамағатқа алғысын білдірді.