«ИСЛАМ ЖӘНЕ ОТБАСЫ» ТУРАЛЫ НАСИХАТ АЙТЫЛДЫ

«ИСЛАМ ЖӘНЕ ОТБАСЫ» ТУРАЛЫ НАСИХАТ АЙТЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Үлгілі ауылы «Әбжімажит» мешітінің имамы Қайыржан Пердебайұлы Талас ауылдық «Ан-Нағим» мешітінің жамағатымен кездесіп, «Ислам және отбасы» тақырыбына жұма насихатын айтты.

Қауыржан Пердебайұлы: «Дініміз исламда отбасылық құндылықтарға ерекше мән берілген. Ерлі-зайыптылардың өзара міндеттері бекітілген. Алла Тағала Қасиетті Құранның «Бақара» сүресі, 187-аятында: «Олар сендер үшін киім (іспетті), сендер де олар үшін дәл сондай киім (секілдісіңдер)», – деп айтқан.

Аталмыш аятта Алла Тағала ерлі-зайыпты адамдарды киімге теңеуі тегін емес. Себебі, киім адамды ыстық пен суықтан қорғайды, денесіндегі кемшілігін жабады, бойына көрік береді. Сол сияқты ерлі-зайыпты адамдар да, бір-біріне қамқор, жақсылығын асырып, кемшілігін жасырып, біріне бірі көрік бола білуі тиіс», - деді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: