Жамбыл облысы Байзақ ауданы Талас ауылдық «Ан-Нағим» мешітінің имамы Сейдали Тафильбекұлы Үлгілі ауылдық «Әбдімажит» мешітінің су жаңа ғимаратында жамағатпен кездесіп, «Ислам және отбасы» тақырыбында насихат айтып, жұма намазын өткізді.
Сейдали Тафильбекұлы насихатында: «Әр отбасының іргесі мықты болып, түтіні түзу шығуы үшін отбасындағы ер мен әйелдің өзіне жүктелген міндеттерге, отбасылық әдептерге мән бергені дұрыс. Сонда ғана ол шаңырақта сыйластық пен сүйіспеншілік орнамақ. Халық даналығында:
Екі жақсы қосылса,
Ай мен күндей жарасар.
Екі жаман қосылса,
Ырылдасар, таласар, – дейтіні осыдан болса керек», - деді.