Жамбыл облысы Байзақ ауданы Үлгілі ауылы «Әбжімажит» мешітінің имамы Қайыржан Пердебайұлы Талас ауылдық «Ан-Нағим» мешітінің жамағатымен кездесіп, «Ислам және отбасы» тақырыбына жұма насихатын айтты.
Қауыржан Пердебайұлы: «Дініміз исламда отбасылық құндылықтарға ерекше мән берілген. Ерлі-зайыптылардың өзара міндеттері бекітілген. Алла Тағала Қасиетті Құранның «Бақара» сүресі, 187-аятында: «Олар сендер үшін киім (іспетті), сендер де олар үшін дәл сондай киім (секілдісіңдер)», – деп айтқан.
Аталмыш аятта Алла Тағала ерлі-зайыпты адамдарды киімге теңеуі тегін емес. Себебі, киім адамды ыстық пен суықтан қорғайды, денесіндегі кемшілігін жабады, бойына көрік береді. Сол сияқты ерлі-зайыпты адамдар да, бір-біріне қамқор, жақсылығын асырып, кемшілігін жасырып, біріне бірі көрік бола білуі тиіс», - деді.