АЙМАҚ ЖЕТЕКШІСІ «ЖАНТАЙ АТА» МЕШІТІНІҢ ЖАМАҒАТЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АЙМАҚ ЖЕТЕКШІСІ «ЖАНТАЙ АТА» МЕШІТІНІҢ ЖАМАҒАТЫМЕН КЕЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты V аймақ жетекшісі Бауыржан Жұмабайұлы Көкөзек ауылдық «Жантай ата» мешітінің жамағатымен кездесіп, жұма уағызын айтып, намаз өткізді.

Жұма намазының алдында Бауыржан Жұмабайұлы мешіт жамағатына: «Адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) отбасылық өмірінде жұбайларына мейіріммен қарайтын адал жар, балаларына көркем тәрбие беретін өнегелі әке болуы арқылы біздерге үлкен үлгі бола білді. Хадис-шәріпте: «Әйелдермен жақсы қарым-қатынаста болыңдар, өйткені әйел (Адам атаның) қабырғасынан жаралған, ал оның ең қисық жері жоғарғы жағында. Егер сен қабырғаны түзеткің келсе, онда оны сындырып аласың, ал егер оны өз жөніне қойсаң, онда ол сол қисайған күйінде қала береді, сондықтан әйелдермен жақсы қарым-қатынаста болыңдар», – деген (имам Бұхари, Мүслим).

Дін мен дәстүрін қадір тұтқан дана халқымыз да «Отан – отбасынан басталады» деп, отбасының қоғамдағы орнын ерекше бағалаған.  Өйткені кез келген қоғамда адами жақсы қасиеттердің кеңінен тарауы үшін әр отбасының береке мен бірлікте өмір сүруінің маңызы зор», - деп, «Ислам және отбасы» тақырыбында насихат айтты. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: