Тұрар Рысқұлов ауданы Көгершін ауылы «Көгершін» мешітінің имамы Қайрат Әбдіғұлұлы ауылдық әкімшілікте ауыл тұрғындарына «Жат ағым жарылқамайды» атты тақырыпта ақпараттық түсіндіру жұмысын жасады.
Қайрат имам сөзінде: «Бүгінгі ағымдардың ислам атын жамылып атқарып жатқан іс-әрекеттері тарихта бұрын да болған дүниелер. Тек тарихтағы сол қисыны жоқ түсініктер қайта айналып келіп отыр. Оны ислам қайнарына сүйенген білім арқылы және ауызбіршілік, ынтымақ арқылы ғана жеңе аламыз. Ағымдарды жеңу терең білім, толассыз насихаттар арқылы жүзеге асады», - деп кеңінен баяндап өтті.