ДІНИ САУАТСЫЗДЫҚ - ҚОҒАМ ҚАУПІ

ДІНИ САУАТСЫЗДЫҚ - ҚОҒАМ ҚАУПІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Зайырлы мемлекетімізде дін мен қоғам ара-қатынасы өзекті болып келеді. Бұлай деуге бірнеше себеп те бар. Бұл қатардағы басты мәселе халық арасындағы діни сауаттылық болмақ. Кей адамдар дінді дұрыс түсінбестен өз бетінше кетіп, келеңсіз оқиғаларға тап болып жатады. Мұны біз теледидар немесе ғаламтор беттерінен көріп, естіп жатамыз.

Діни сауаттылықты арттыру бағытында атқарылып жатқан іс те аз емес. Әрине, бұл іске ең алдымен мешіттегі имам, ұстаздардың қосқан үлесі қомақты. Осы орайда «Тілеш қажы» мешітінің имамы Абиров Рахымбек Кенжебайұлы ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Еліміздің аумағында тыйым салынған террористік және экстремистік діни ұйымдары жөнінде түсінік беріп, дәстүрлі емес діни ағымның жетегіне көбінесе жастар еріп барады. Мұның басты себебі – ғаламтор парақшалары арқылы кез келген ақпараттың тез таралып жатқаны және жастардың діни сауатының төмендігі. Осы себепті қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға, жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталып, қазақ халқының діни ұстанымы мен салт-дәстүрлерін қастерлеп сақтауға, ұрпақ сабақтастығын нығайтуға ат салысуға шақырды

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: