БАЙЗАҚ АУДАНЫ: 100 ОҚУШЫҒА 100 СӨМКЕ БЕРІЛДІ

БАЙЗАҚ АУДАНЫ: 100 ОҚУШЫҒА 100 СӨМКЕ БЕРІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданына  қарасты ауыл имам-молдаларының ұйымдастыруымен «Ар Рахман» мешітінде мектепке жол науқаны өтіп, 100 балаға мектепке керек-жарақ салынған сөмкелер таратылды.

Айтулы шараға Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы арнайы қатысып: «Шариғат тілінде «білім» сөзі – бір мәселені жан-жақты, анық-қанығына дейін жіті түсіну деген мағынаны білдіреді. Білім – ақылдылық пен парасаттылыққа жол сілтейді. Ал, білімсіздік мұның қайшы мағынасы. Ақылды адам ой-қабілетімен бірнәрсені түсінуге тырысады. Ал, надан басындағы ақылын, бойындағы қабілетін дұрыс қолдана алмайды. Сондықтан, білімді адам – жарық шам секілді. Білімсіз надан – қараңғы түн сияқты»,- деп білім алудың артықшылығы жайында насихатын айтып оқушыларға білім жолында сәттілік тіледі.

Бұл қайырымдылық шараға ауданға қарасты барлық ауылдардан әулеметтік жағдайы төмен мүмкіндігі шектеулі жандар тартылып, 100 ұл-қызға оқу жабдықтары салынған 100 сөмке үлестірілді. Қайрымдылыққа әр ауылдан 3 оқушы әрі аудан орталығынан 10 оқушы қамтылды. Жұмсалған қаражат саны 1000 000 теңгені құрады.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: