Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылы «Шолпан Дәуіт» мешітінің имамы Қанат Тұмарбекұлының ұйымдастыруымен 25 жағдайы төмен балаға мектепке керекті оқу құралдары салынған сөмкелер таратылды.
Шара барысында Қанат Тұмарбекұлы әр бір баланың ата-анасымен сұқбаттасып хал жағдайларын білді. Және әр балаға жаңа оқу жылында үздіктер қатарынан көрініңдер, деп батасын берді.
Жалпы қайырымдылыққа 250 000 теңге қаражат жұмсалды.