Жамбыл облысы Байзақ ауданы Ботамойнақ ауылы «Бекберген ата» мешітінің имамы Ернұр Қойбекұлы мешіт жамағатына «Ихсан – рухани кемелдену жолы» тақырыбында уағыз айтты.
Ернұр Қойбекұлы насихатында: «Ихсан сөзі ізгілік, игілік, жақсылық деген мағынаны білдірсе, шариғаттағы мәні әр нәрсені кемел, көркем түрде орындау дегенді аңғартады.
Сананы тұрмыс билеген заманда Ихсан ілімін насихаттау – аса маңызды істің бірі. Расында күнделікті күйбең тіршілік, отбасындағы мәселелер адам баласының рухани жан-дүниесіне әсер етпей қоймайды. Пенде қуаныш мен қайғыда көптеген эмоциялық сәттерді бастан кешеді. Осы сәттерде оның иманы, Аллаға деген тәубесі мен тәуекелі мұсылманға, былайша айтқанда, жақсы адамға тән байсалды әрі парасатты ұстанымда болуға тікелей әсер етеді. Осы ретте Ихсан ілімі рухани кемелдену жолы екенін баса айта кеткен абзал. Ихсан іліміне ден қойған пенде рухани кемелденуге қадам басатыны хақ», - деді.