Жамбыл облысы Байзақ ауданы Байзақ ауылы «Тілеш қажы» мешітінің имамы Рахымбек Кенжебайұлының ұйымдастыруымен 21 бүлдіршінге мектепке керекті жабдықтар салынған сөмкелер таратылды.
Жалпы қайырымдылыққа 210 000 теңге қаражат жұмсалды. Көмек алған отбасылар шараны ұйымдастырушыларға алғысын айтты.