#БАЙЗАҚ: АУЫЛ ИМАМ-МОЛДАЛАРЫ ДОНОРЛЫҚҚА ҚАН ТАПСЫРДЫ (ФОТО-ВИДЕО)

#БАЙЗАҚ: АУЫЛ ИМАМ-МОЛДАЛАРЫ ДОНОРЛЫҚҚА ҚАН ТАПСЫРДЫ (ФОТО-ВИДЕО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Бүгін Жамбыл облысы Тараз қаласында орналасқан «Қан орталығына»   Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы бастаған мешіт имам-молдалары және жамағаттары «Жүректен жүрекке» атты донорлық акция аясында қан тапсырды.

Қан тапсыру – сауапты амал болып саналады. Сонымен бірге денсаулыққа тигізер пайдасы да зор.

«Қасиетті құранда, кімде-кім бір адамға өмір силаса, ол адам барлық адамға өмір силағанмен тең», - деген. Сондықтан осы шарада мұқтаж жандарға пайдамыз тисе екен, деген ниетпен келдік. Бір адамға болсада көмегіміз тиіп, жақсылық жасай алсақ, сауапты іс жасаған болармыз деген ойдамыз», - деді Байзақ аудандық мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы.

Өз қанын өзгеге бөліп беріп, шынайы жанашырлық пен бауырмалдық танытқан иманды жандар жыл сайын өз еріктерімен қан тапсыруды дәстүрге айналдырып келеді. Игі шара бұдан әрі қарай жалғаса бермек.

Қан орталығында донорлар ұзын сонар кезек күту кезінде зерікпеулері үшін бірқатар жағдайлар жасалған. Күту залында стол теннисі сияқты т.б. спорттық ойындар, қызықты кітаптарға толы кітап бұрышы және денеге массаж жасайтын арнайы орындық орналасқан.

Мамандардың айтуларынша қан доноры болудың 10 түрлі пайдасы бар екен.

  1. Үш адамның өмірін құтқарасыз

Ең алдымен, сіз донор болу арқылы адам өміріне араша боласыз. Бір рет тапсырған 450 мл. қан өлім аузында жатқан 3 адамның өмірін сақтап қалады.

Ағзаңыз туралы тегін ақпарат аласыз

Донорлардың міндетті түрде тексеруден өтетіні белгілі. Яғни, донорлар өзінің қан тобын, гемоглабин мөлшерін білуден өзге, В және С гепатиттері, мерез, АИТВ инфекциясының маркерлері жөнінде тегін ақпарат алады.

Қанның құрамы жаңарады

Қан тапсырған кезде адам ағзасы қан жасаушы органдарының қызметін ынталандырады, сол арқылы қан құрамы жаңарып, адамның жалпы жай-күйі жақсарады, еңбекке қабілеттілігі артады.

Семіздіктің алдын алады

Тұрақты донорлық семіздіктің алдын алады, жаңа алынған қанның бір донациясы кезінде адам ағзасы 650 ккалды, плазма донациясы кезінде 470 ккалды жоғалтады. Адам үшін бұл – жас, әдемі және сымбатты болудың тағы да бір таптырмас жолы.

Қан қысымын реттейді

Әсіресе, ер-азаматтар артериялық қан қысымының көтерілуіне жиі душар болады, донорлық – қан қысымын, сондай-ақ жүрек пен тамыр ауруларының қатер-қаупін төмендетеді.

Теріге өте пайдалы

Қанның жаңаруы – асқазан-ішек жолдары, оның ішінде бауыр ауруларының баға жетпес профилактикасы. Нәтижесінде донорлардың бет-әлпеті жақсарып, терісі жарқыраған және таза болады.

Қан жоғалту жағдайында көмектеседі

Тұрақты донорлық – ауқымды қан кету жағдайында ажалға араша тұра алатын бірден-бір амал. Өйткені олардың қан тапсырмаған адамға қарағанда, донор болып жүрген азаматтар қан кету жағдайында төзімді болады. Яғни, мұны қан кетуге дейінгі жаттығу десек артық емес.

Аты жаман аурулардың алдын алады

Қан донорлығы онкологиялық ауруларға шалдығудың қауіп-қатерін төмендететіні дәлелденген.

Адам өмірін ұзартады

Бәрімізге де өлшеніп берген өмір бар. Десе де, қан тапсыру адам өмірін 5-7 жылға ұзартады деген де болжам бар. 

 Салауатты өмір салтын қалыптастырады

Қан донорлығы салауатты өмір салтын ұстануды, дұрыс және толыққанды тамақтануды, спортпен шұғылдануды, өз денсаулығын күтуді, дәрі-дәрмектерді қажетсіз ішпеуді, жаман әдеттерден бас тартуға үйретеді. Себебі, қан берудің сауапты әрі жауапты амал екенін сезінетін адам ғана тәнін таза, жанын жамандық атаулыдан аулақ ұстайды.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: