Жамбыл облысы Байзақ ауданның бас имамы Қанат Әділханұлы және ауданға қарасты I аймақ имамдары «Ислам және дәстүр құңдылықтары» жылы аясында Тараз қаласында орналасқан қарттар үйіне барып, қарияларымыздың жағдайымен таңысып сұқбаттасты.
Аймақ жетекшісі Рахымбек Кенжебайұлының ұйымдастыруымен аймаққа қарасты ауыл имам-молдалары қарияларға дастархан жайып, Байзақ ауданының өнерлі азаматы Заман Молдабайұлы қарттардың көңіл-күйін көтеріп, ән арнады.
Дана халқымыз «Қарты бар үйдің қазынасы бар», – деп әрбір шаңырақтағы қарт кісілерді баға жетпес байлыққа теңеген. Десе де, естіген құлаққа түрпідей тиетін «Қарттар үйіне» арнайы барып қайттық. Жаздың жарық шуағына жылынып, әр жерде бүрісіп отырған қарттарды көргенде жүрегің атша тулап, көзіңе еріксіз жас үйіріледі. Бір мезет балаларының жүзін көріп, мауқын басу үшін құшағына алуды аңсаған қарттарды көргенде елжіремейтін жүрек қалмайды-ау, сірә?!
Шара соңында қарияларымыз ауданнан келген имам-молдаларға алғыстарын айтып, баталарын берді.